Оспамокс в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению оспамокса в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток оспамокса, взаимодействие с другими лекарствами, применение оспамокса (таблетки) при беременности. Инструкции: Оспамокс в порошке;
Торговое название: Оспамокс®
Международное название: Амоксициллин
Лекарственная форма: Таблетки, покрытые пленочной оболочкой, 500 мг и 1000 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01C Бета-лактамные антибиотики, пенициллины
J01C A Пенициллины широкого спектра действия
Фарм. группа:
Бета-лактамные антибактериальные препараты – пенициллины. Код АТС J01CA04
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25° C. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
4 года. Не использовать после истечения срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Продолговатые двояковыпуклые таблетки от белого до слегка кремового цвета, с насечками на обеих сторонах, покрытые пленочной оболочкой.

Состав оспамокса в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество оспамокса

амоксициллина тригидрат 574мг или 1148мг (эквивалентного 500 мг или 1000 мг амоксициллина) соответственно
574мг немесе 1148мг амоксициллин тригидраты (тиісінше, 500 мг немесе 1000 мг амоксициллинге баламалы)

Вспомогательные вещества в оспамоксе

магния стеарат, поливидон К-25, натрий крахмал гликолят, целлюлоза микрокристаллическая, состав оболочки: титана диоксид, тальк очищенный, гидроксипропилметилцеллюлоза
магний стеараты, поливидон К-25, натрий крахмалы гликоляты, микрокристаллды целлюлоза, қабықтың құрамы: титанның қостотығы, тазартылған тальк, гидроксипропилметилцеллюлоза

Показания к применению таблеток оспамокса

  • инфекции верхних дыхательных путей и ЛОР-органов
  • острый и хронический бронхит, пневмония, абсцесс легких, коклюш (период инкубации и начальные стадии)
  • острый и хронический пиелонефрит, пиелит, простатит, эпидидимит, цистит, уретрит, бессимптомная бактериурия во время беременности
  • гонорея
  • гинекологические инфекции (септический аборт, аднексит, эндометрит и т.д.)
  • брюшной тиф, паратиф, особенно осложненный септицемией (в комбинации с аминогликозидами)
  • сальмонеллoносительство
  • шигеллез
  • инфекции желчных путей (холангит, холецистит)
  • инфекции костей и суставов
  • лептоспироз
  • острый и латентный листериоз
  • кратковременная (24-48 часов) профилактическая терапия у больных, подвергающихся хирургическим вмешательствам (например, в полости рта)
  • инфекционный эндокардит, например, энтерококковый (изолированно или в комбинации с аминогликозидами)
  • бактериальный менингит (в зависимости от результатов определения чувствительности микроорганизмов, особенно у детей)
  • жоғары тыныс алу жолдарының және ЛОР-ағзалардың жұқпаларында
  • жедел ағымды және созылмалы бронхитте, пневмонияда, өкпе абцессінде, көкжөтелде (инкубация кезеңінде және бастапқы сатысында)
  • жедел ағымды және созылмалы пиелонефритте, пиелитте, простатитте, эпидидимитте, циститте, уретритте, жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурияда
  • созда
  • гинекологиялық жұқпаларда (септикалық түсікте, аднекситте, эндометритте және т.б.)
  • іш сүзегінде, паратифте, әсіресе септицемиямен асқынғанда (аминогликозидтермен біріктіріп)
  • сальмонелла тасымалдаушылықта
  • шигеллезда
  • өт жолдарының жұқпаларында (холангитте, холециститте)
  • сүйектер мен буындардың жұқпаларында
  • лептоспирозда
  • жедел ағымды және жасырын листериозда
  • хирургиялық араласым (мысалы, ауыз қуысына) жасалған науқастарда қысқа мерзімдік (24-48 сағаттық) алдын алу емінде
  • жұқпалы эндокардитте, мысалы, энтерококктік (бөлек немесе аминогликозидтермен біріктіріп)
  • бактериялық менингитте (микроорганизмдердің сезімталдығын анықтау нәтижесіне байланысты, әсіресе балаларда)

Противопоказания оспамокса в таблетках

  • гиперчувствительность к антибиотикам пенициллинового ряда. У больных с повышенной чувствительностью к цефалоспоринам следует учитывать возможность перекрестной аллергии.
  • мононуклеоз и лимфолейкоз
  • тяжелых инфекции желудочно-кишечного тракта, сопровождающиеся постоянной диареей или рвотой, не следует назначать амоксициллин внутрь из-за ухудшения всасывания
  • почечная недостаточность
  • беременность и период лактации
  • детский возраст до 10 лет
  • пенициллин қатарының антибиотиктеріне асқын сезімталдықта. Цефалоспориндерге сезімталдығы жоғары науқастарда айқаспалы аллергия болуы мүмкін екендігін ескерген жөн
  • мононуклеозда және лимфолейкозда
  • асқазан-ішек жолының ұдайы диареямен және құсумен қатар жүретін ауыр жұқпаларында амоксициллинді, сіңуінің нашарлауына байланысты, ішке тағайындамаған жөн
  • бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде
  • жүктілікте және лактация кезеңінде
  • 10 жасқа дейінгі балаларға

Побочные действия таблеток оспамокса

Часто
  • дисбактериоз, кандидамикоз влагалища
  • изменение вкуса
  • рвота
Иногда
  • крапивница, гиперемия кожи, эритематозные высыпания
  • ринит, конъюнктивит
  • ангионевротический отек
  • затрудненное дыхание
  • тахикардия
Редко
  • головная боль, головокружение
  • тревожность, бессонница, атаксия, спутанность сознания, депрессия
  • периферическая невропатия, артралгия
  • эозинофилия, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопеническая пурпура, анемия
  • эксфолиативный дерматит, мультиформная экссудативная эритема (в т.ч. синдром Стивенса-Джонсона)
  • тошнота, диарея, псевдомембранозный колит
  • повышенная утомляемость
  • глоссит, стоматит
  • интерстициальный нефрит
Очень редко
  • лихорадка
  • многоформная эритема
  • отек Квинке
  • тромбоцитопения, агранулоцитоз
  • лейкопения и эозинофилия
  • эпилептические судороги
В единичных случаях
  • анафилактический шок
  • реакция Яриша-Герксхеймера, обусловленная лизисом бактерий
Жиі
  • дисбактериоз, қынап кандидамикозы
  • дәмнің өзгеруі
  • құсу
Кейде
  • есекжем, тері гиперемиясы, эритематозды бөртпелер
  • ринит, конъюнктивит
  • ангионевротикалық ісіну
  • тыныстың тарылуы
  • тахикардия
Сирек
  • бас ауыру, бас айналу
  • үрейленгіштік, ұйқысыздық, атаксия, сананың шатасуы, депрессия
  • шеткергі невропатия, артралгия
  • эозинофилия, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопениялық пурпура, анемия
  • эксфолиативті дерматит, мультиформалы экссудативті эритема (оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы)
  • жүректің айнуы, диарея, псевдомембранозды колит
  • қатты қажу
  • глоссит, стоматит
  • интерстициальді нефрит
Өте сирек
  • қызба
  • көп пішінді эритема
  • Квинке ісінуі
  • тромбоцитопения, агранулоцитоз
  • лейкопения және эозинофилия
  • эпилепсиялық құрысулар
Жекелеген жағдайларда
  • анафилактикалық шок
  • бактериялардың еруінен болған Яриш-Герксхеймер реакциясы

Особые указания к применению

При курсовом лечении необходимо проводить контроль за состоянием функции органов кроветворения, печени и почек. У пациентов с тяжелыми нарушениями функции почек требуется адекватная коррекция режима дозирования и увеличение интервалов между приемами препапатов. Возможно развитие суперинфекции за счет роста нечувствительной к нему микрофлоры, что требует соответствующего изменения антибактериальной терапии.

В случае возникновения аллергических реакций следует отменить препарат и назначить обычное лечение адреналином, антигистаминными средствами и глюкокортикоидами. При появлении макулопапулезной сыпи, лечение можно продолжать, лишь в случае угрожающих жизни состояний под строгим контролем. При проведении терапии, крайне важное значение имеют адекватное потребление жидкости и поддержание достаточного диуреза. Больным с холангитом или холециститом антибиотики можно назначать лишь при легкой степени течения заболевания и при отсутствии холестаза.

Целесообразно определять в динамике число клеток крови, с целью выявления антителозависимых реакций гематопоэтической системы и гемолитической анемии. Перед началом лечения гонореи, у больных с предполагаемыми первичными сифилитическими поражениями, необходимо провести исследование в темном поле. Всем другим пациентам с предполагаемым сопутствующим сифилисом, следует проводить серологические исследования в динамике в течение, по крайней мере, 4 месяцев.

Особенности влияния лекарственного средства на способность водить автомашину и работать с потенциально опасными механизмами
Не выявлены.
Курспен емдеген кезде қан түзу ағзаларының, бауырдың және бүйректердің қызметіне бақылау жасау қажет.
Бүйрек қызметінің бұзылуы ауыр емделушілерге дозалау тәртібін талапқа сай түзету және препараттарды қабылдау арасындағы аралықты арттыру қажет етіледі. Оған сезімтал емес микрофлораның өсуіне байланысты супержұқпалар дамуы мүмкін, ол бактерияларға қарсы емдеуді талапқа сай өзгертуді қажет етеді.

Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда препарат қабылдауды тоқтатқан және адреналинмен, антигистаминді дәрілермен және глюкокортикоидтармен әдеттегідей ем тағайындаған жөн. Макулопапулезді бөртпелер пайда болған кезде, өмірге қауіп төнген жағдайда ғана, қатаң бақылау жасай отырып, емдеуді жалғастыруға болады.

Ем жүргізген кезде сұйықтықты талапқа сай қажетсінудің және диурезді жеткілікті сақтаудың мәні өте маңызды. Холангиті немесе холециститі бар науқастарға антибиотиктерді тек ауру барысы жеңіл дәрежеде болғанда және холестаз болмаған кезде ғана тағайындауға болады.

Гематопоэтикалық жүйенің және гемолитикалық анемияның антиденеге тәуелді реакцияларын анықтау мақсатында динамикадағы қан жасушаларының санын анықтаған жөн.

Мерездің алғашқы зақымдары бар деп болжам жасалған науқастарда созды емдер алдында шүбәлі аймаққа зерттеу жүргізу қажет. Мерез қатарласқан деп болжам жасалған барлық басқа емделушілерге, кем дегенде, 4 ай динамикаға серологиялық зерттеулер жүргізген жөн.

Дәрілік заттың автомашина жүргізу және қауіпті механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Анықталған жоқ.

Дозировка и способ применения

Доза зависит от чувствительности возбудителя и локализации инфекционного процесса. В целом, общую суточную дозу следует разделить на 2 (до 3-4) приема. Дозы у детей, рассчитанные на кг массы тела, не должны превышать мак-симальные дозировки для взрослых. Дети: 30-60 мг/кг/сутки. Подростки и взрослые: 1500-2000 мг/сутки

Особые рекомендации

Для детей предусмотрена лекарственная форма в виде суспензии 125мг/5мл; 250 мг/5 мл; 500 мг/5 мл. с 6 – до 10 лет. Оспамокс® высокоэффективен и очень хорошо всасывается, поэтому даже тяжелые инфекции поддаются терапии пероральными препаратами.

Однако, при тяжелом течении заболевания суточные дозы следует увеличить:
Дети и подростки: до 100 мг/кг/сутки
Взрослые: до 6000 мг/сутки

Применение препарата в дозе 200 мг/кг массы тела и 8000 мг/сутки у детей и взрослых, соот¬ветственно, не сопровождалось какими-либо осложнениями. При острых инфекциях желудочно-кишечного тракта (брюшной тиф, паратиф) и желчных путей, сопровождающихся лихорадкой, и гинекологических инфекциях взрослым следу¬ет назначать Оспамокс в дозе 1500-2000 мг 3 раза в сутки или 1000-1500 мг 4 раза в сутки.

Лептоспироз:
Взрослые: 500-750 мг 4 раза в сутки в течение 6-12 дней.

Хроническое носительство сальмонеллы:
Взрослые: 1500-2000 мг 3 раза в сутки в течение 2-4 недель.

Профилактика вторичного эндокардита при малых хирургических вмешательствах:
Взрослые должны принять 3000-4000 мг препарата за 1 час до вмешательства. При необходимости повторную дозу назначают через 8-9 часов. У детей доза должна быть в два раза меньше. Средний курс лечения 5–7 дней Лечение следует продолжать в течение 2 - 5 дней после исчезновения симптомов. Для предупреждения осложнений стрептококковые инфекции следует лечить по крайней мере 10 дней (рекомендации ВОЗ).

Дозировки у пациентов с нарушенной элиминацией препарата:
У пациентов с нарушением функции почек при КК 15-40 мл/мин интервал между приемами увеличивают до 12 ч; при КК ниже 10 мл/мин дозу уменьшают на 15-50%; при анурии - максимальная доза 2 г/сут.
Доза қоздырғыштардың сезімталдығына және жұқпалы үдерістің орналасқан жеріне байланысты. Тұтастай алғанда, тәуліктік жалпы дозаны 2 (3-4-ке дейін) қабылдауға бөлген жөн. Балаларда дене салмағының әр кг-на шаққандағы доза ересектерге арналған ең жоғары дозадан аспауы тиіс. Балалар: дене салмағының әр кг-на шаққанда тәулігіне 30-60 мг. Жасөспірімдер мен ересектер: тәулігіне 1500-2000 мг.

Айрықша нұсқаулар

Оспамокстің® тиімділігі жоғары және өте жақсы сіңеді, сондықтан тіпті ауыр жұқпаларды да ішілетін препараттармен емдеуге болады.

Алайда ауру барысы ауыр болған кезде тәуліктік дозаларды арттырған жөн:
Балалар мен жасөспірімдерге: дене салмағының әр кг-на шаққанда тәулігіне 100 мг-ға дейін.
Ересектерге: тәулігіне 6000 мг-ға дейін

Препаратты дене салмағының әр кг-на шаққанда 200 мг дозада және балалар мен ересектерге тәулігіне 8000 мг дозада қолданғанда, тиісінше, қандай да болсын асқынулар қатарласқан жоқ. Асқазан-ішек жолының жедел ағымды жұқпаларында (іш сүзегі, паратиф) және қызбамен қатарласқан өт жолдарының жұқпаларында, және гинекологиялық жұқпаларда ересектерге Оспамоксты тәулігіне 3 рет 1500-2000 мг дозада немесе тәулігіне 4 рет 1000-1500 мг дозада тағайындаған жөн.

Лептоспирозда:
Ересектер: 6-12 күн ішінде тәулігіне 4 рет 500-750 мг.

Сальмонелланың созылмалы тасымалдаушылығында:
Ересектер: 2-4 апта ішінде тәулігіне 3 рет 1500-2000 мг.

Кіші хирургиялық араласымдарда салдарлы эндокардиттің пайда болуының алдын алуға:
Ересектер араласымнан 1 сағат бұрын препараттың 3000-4000 мг-ын қабылдауы тиіс. Қажет болған кезде 8-9 сағаттан кейін дозаны қайта тағайындайды. Балаларда доза екі есе аз болуға тиіс. Емдеудің орташа курсы – 5–7 күн. Емдеуді симптомдар жоғалғаннан кейін 2 - 5 күн бойы жалғастырған жөн. Асқынуына жол бермеу үшін стрептококтік жұқпаларды кем дегенде 10 күн емдеген жөн (ДДҰ нұсқауы).

Препараттың шығарылуы бұзылған емделушілердегі дозасы:
Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде КК минутына 15-40 мл болғанда қабылдау арасындағы аралықты 12 сағатқа дейін арттырады; КК минутына 10 мл-ден төмен болғанда дозаны 15-50%-ға дейін азайтады; анурияда – ең жоғары доза тәулігіне 2 г.

Взаимодействие с лекарствами

Одновременный прием аллопуринола способствует возникновению кожной сыпи. Механизм этого явления мало изучен. Оспамокс® оказывает воздействие только на размножающиеся микроорганизмы, поэтому его не следует сочетать с бактериостатическими антибиотиками, например, с тетрациклинами и хлорамфениколом. При наличии положительных тестов на чувствительность, могут быть использованы комбинации с другими бактерицидными антибиотиками (цефалоспорины, аминогликозиды).

Одновременное применение пробенецида (например, по 0,5 г 4 раза в сутки внутрь, противопоказано детям в возрасте до 2 лет) приводит к длительному повышению концентрации препарата в крови за счет нарушения выведения его почками. Напротив, распределение в тканях и диффузия Оспамокса® могут снизиться под влиянием пробенецида.

При одновременном применении эстрогенсодержащих пероральных контрацептивов и амоксициллина следует по возможности использовать др. или дополнительные методы контрацепции. Одновременный прием антацидов снижает всасывание Оспамокса®. Не ферментные пробы, используемые для выявления глюкозы в моче, могут быть ложноположительными. Оспамокс® может также влиять на результаты определения уробилиногена.
Аллопуринолды бір мезгілде қабылдау тері бөртпелерінің пайда болуына мүмкіндік береді. Осы құбылыстың механизмі аз зерттелген. Оспамокс® көбейетін микроорганизмдерге ғана әсер етеді, сондықтан оны бактериостатикалық антибиотиктермен, мысалы, тетрациклиндермен және хлорамфениколмен біріктірмеген жөн. Сезімталдыққа оң тест болған кезде басқа бактерицидтік антибиотиктермен (цефалоспориндер, аминогликозидтер) біріктіріліп қолданылуы мүмкін.

Пробенецидті бір мезгілде қолдану (мысалы, тәулігіне 4 рет 0,5 г ішке, 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды), оның бүйректер арқылы шығарылуының бұзылуы есебінен, препараттың қандағы концентрациясының ұзақ уақыт жоғарылауына әкеп соқтырады. Керісінше, тіндерге таралуы және Оспамокс® диффузиясы пробенецидтің ықпалымен төмендеуі мүмкін.

Құрамында эстрогені бар ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді және амоксициллинді бір мезгілде қолданған кезде мүмкіндігінше контрацепцияның басқа немесе қосымша әдістерін қолданған жөн. Антацидтерді бір мезгілде қолдану Оспамокстің® сіңуін төмендетеді. Несептегі глюкозаны анықтау үшін қолданылатын ферменттік сынамалар жалғаноң болуы мүмкін. Оспамокс® уробилиногенді анықтау нәтижесіне де ықпалын тигізуі мүмкін.

Передозировка оспамоксом в таблетках

Симптомы: тошнота, рвота, головокружение, головная боль, спутанность сознания, тремор и судороги.

Лечение: необходимо вызвать рвоту или произвести промывание желудка, а также применить активированный уголь. Амоксициллин удаляется из организма при помощи гемодиализа (90% в течение 6 часов) или форсированного диуреза.
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, бас айналу, бас ауыру, сананың шатасуы, діріл және құрысулар.

Емдеу: құстыру немесе асқазанды шаю, сондай-ақ белсенділендірілген көмір қолдану қажет. Амоксициллин организмнен гемодиализдің жәрдемімен (6 сағат ішінде 90%) немесе жеделдетілген диурез арқылы жойылады.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При приеме внутрь быстро и почти полностью ( до 93%) всасывается, создавая максимальную концентрацию ( 1,5 мкг/мл и 3,5- 5 мкг/мл соответственно) через 1-2 ч. Стабилен в кислой среде, прием пищи не влияет на абсорбцию. Связывание с белками плазмы крови около 17%. Легко проходит гистогематические барьеры, кроме неизмененного гематоэнцефалического барьера, и проникает в большинство тканей и органов; накапливается в терапевтических концентрациях в перитонеальной жидкости, моче, содержимом кожных волдырей, плевральном выпоте, легких (но не в гнойном бронхиальном секрете), слизистой оболочке кишечника, женских половых органах, жидкости среднего уха, желчном пузыре и желчи (при нормальной функции печени), тканях плода.

Период полувыведения составляет 1-1,5 ч. При нарушении функции почек период полувыведения удлиняется до 4-12,6 ч. В зависимости от клиренса креатинина. Частично метаболизируется с образованием неактивных метаболитов. 50-70% выводится почками в неизмененном виде путем канальцевой экскреции (80%) и клубочковой фильтрации (20%), 10-20% - печенью. В небольшом количестве выделяется с грудным молоком. Действие развивается через 15-30 мин после введения и длится 8 ч.
Ішке қабылдаған кезде тез және толық (93%-ға дейін) сіңіп, 1-2 сағаттан кейін концентрациясы ең жоғары шекке (тиісінше, 1,5 мкг/мл және 3,5- 5 мкг/мл) жетеді. Қышқыл ортада тұрақты, ас қабылдау сіңуіне ықпал етпейді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 17%-ға жуық. Өзгермеген гематоэнцефалдық бөгеттен басқа, гистогематикалық бөгет арқылы оңай өтеді, және көптеген тіндер мен ағзаларға енеді; перитонеальді сұйықтықта, несепте, тері күлдіреуіктерінің ішінде, плевралық жалқықта, өкпелерде (бірақ іріңді бронхиальды секретте емес), ішектің шырышты қабығында, әйелдің жыныс мүшелерінде, ортаңғы құлақ сұйықтығында, өт қалтасында және өтте (бауыр қызметі қалыпты болғанда), ұрық тіндерінде емдік концентрацияларда жиналады.

Жартылай шығарылу кезеңі 1-1,5 сағатты құрайды. Бүйрек қызметі бұзылған кезде жартылай шығарылу кезеңі, креатинин клиренсіне байланысты, 4-12,6 сағатқа дейін ұзарады. Ішінара өзгеріске ұшырап, белсенді метаболиттер түзеді. 50-70%-ы бүйректер арқылы өзгермеген күйінде өзекшелік секреция түрінде (80%) және шумақтық сүзілу арқылы (20%), бауыр арқылы 10-20%-ы шығарылады. Ана сүтіне аздаған мөлшерде бөлініп шығады. Әсері препаратты енгізгеннен кейін 15-30 минуттан соң дамиды және 8 сағатқа созылады.

Фармакодинамика

Оспамокс® угнетает синтез клеточной стенки возбудителя, вызывает лизис бактерий. Благодаря широте спектра действия, препарат активен в отношении как грамположительных, так и грамотрицательных микроорганизмов. Клинически значимые грамотрицательные микроорганизмы, чувствительные к амоксициллину включают, Escherichia coli, Proteus mirabilis, Salmonella spp., Shigella Spp., Campilobacter, Haemophilus influenzae, Bordetella pertussis, Leptospira, Chlamydia.

Кроме того, амоксициллин активен в отношении всех микроорганизмов, чувстви¬тельных к пенициллину G, например, Streptococcus spp., Staphylococcus spp., не продуцирующих пенициллиназу и Neisseria, Erysipelothrix rhysiopathiae, Corynebacterium, Bacillus anthracis, Actinomycetes, Streptobacilli, Spirillium minus, Pastereulla multocida, Listeria, Spirochaeta (Leptospira, Treponema, Borrelia) и др., а также различных анаэробных микроорганизмов (в том числе пептококков, пептострептококков, клостридий и фузобактерий).
Оспамокс® қоздырғыштардың жасушалық қабырғасының синтезін басады, бактерияларды ерітеді. Әсер ету өрісінің ауқымдылығының арқасында препараттың грамоң да, сонымен қатар грамтеріс микроорганизмдерге де қарсы әсері белсенді.

Амоксициллинге сезімтал клиникалық тұрғыдан маңызды грамтеріс микроорганизмдерге Escherichia coli, Proteus mirabilis, Salmonella spp., Shigella Spp., Campilobacter, Haemophilus influenzae, Bordetella pertussis, Leptospira, Chlamydia жатады.

Бұдан басқа, амоксициллин G пенициллинге сезімтал барлық мына микроорганизмдерге: мысалы, Streptococcus spp., Staphylococcus spp., пенициллиназаны түзетін және Neisseria, Erysipelothrix rhysiopathiae, Corynebacterium, Bacillus anthracis, Actinomycetes, Streptobacilli, Spirillium minus, Pastereulla multocida, Listeria, Spirochaeta (Leptospira, Treponema, Borrelia) және басқаларға, сондай-ақ әртүрлі анаэробты микроорганизмдерге (оның ішінде пептококктар, пептострептококктар, клостридий және фузобактерий) қарсы әсері белсенді.

Упаковка и форма выпуска

Для дозировки 500мг
По 10 и 12 таблеток в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой печатной лакированной. По 1 (12 таблеток), 1, 2 или 100 (10 таблеток) контурных упаковок вместе с инструкцией по применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.

Для дозировки 1000мг. По 6 и 10 таблеток в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой печатной лакированной. По 2 (6 таблеток), 1, 2 или 100 (10 таблеток) контурных упаковок вместе с инструкцией по применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
500 мг доза үшін
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 және 12 таблеткадан. Пішінді 1 (12 таблетка), 1, 2 немесе 100 (10 таблетка) қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

1000 мг доза үшін
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 6 және 10 таблеткадан. Пішінді 2 (6 таблетка), 1, 2 немесе 100 (10 таблетка) қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.